Суретшіні еске алу
Әли Бақтыгереев
Қазақстандық суретші, ұстаз
1962 2023
Суретші ретінде Әли нағыз маман, жақсы ұстаз болды. Жұмыстарын қарасаңыз, ежелгі түркі тектес елдің тұрмысын, мифологиясын, тарихын кенеп бетіне көркемөнер заңдылығымен құрып, майлы бояудың керемет реңдерін ұштастыра білген.
Суретші туралы
Әли өз өмірі мен шығармашылығында, өз талантына, табиғатына адал болды.
1962 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы Арал ауданы, Құланды елді мекенінде отбасында алтыншы болып Әли дүниеге келді. Отбасындағы жеті бала да осы Құланды ауылының сегіз жылдық мектебінде оқыған. Жасынан суретке әуес болып өскен Әлиді ауылдастары мүсінші дейді екен. Туған ауылы кейін шығармашылығында терең із қалдырды. Мектепте оқып жүрген кезінде денсаулығы сыр беріп бір жыл кеш бітірді.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой орта мектебінде көркем-безендіруші болып жұмыс жолын бастады. 1985 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түсті. Бүкіл қазақ суретшілерінің дені осы жерде оқыған білім ордасында жан жақтан келген таланттар бас қосатын жалғыз шаңырақ осы еді. Сол кезде Әли ортада өз гуманитарлық білімімен ерекшеленді. Әдебиет, дін, саясаттың кез келген тақырыбында көсіліп сөйлейтін. 1986 жылы желтоқсан болғанда жастарды қорғауға барып соққы алғандардың бірі де Әли. Бірақ кейін ешқашан желтоқсанға қатыстым деп кеуде көтермеген.
Мұра
Қазақ бейнелеу өнерінің алтын қорына керемет суреттерін қалдырып, өмірден ерте кеткен Әли Бақтыгерейдің ғажап шығармалары кейінгі буын жас суретшілерге үлгі болып, ал көрермендеріне қуаныш, мақтаныш, ризашылық сезімін сыйлайды.
— Қабдрахман Отарбай, кескіндемеші, жазушы