Суретшіні еске алу
Хронология
Әли Бақтыгереевтің өмірі мен шығармашылығы — ол туралы кітаптар бойынша. Мәтіндер сол күйінде берілген.
-
1962
1962 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы Арал ауданы, Құланды елді мекенінде отбасында алтыншы болып Әли дүниеге келді.
Отбасындағы жеті бала да осы Құланды ауылының сегіз жылдық мектебінде оқыған. Жасынан суретке әуес болып өскен Әлиді ауылдастары мүсінші дейді екен.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой орта мектебінде көркем-безендіруші болып жұмыс жолын бастады.
-
1985
1985 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түсті.
-
1986
1986 жылы желтоқсан болғанда жастарды қорғауға барып соққы алғандардың бірі де Әли.
-
1987
-
1989
1989 жылы Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтына монументалды кескіндеме мамандығына түсті.
-
1990
-
1992
-
1993
-
1994
1994 жылы Әлекең «Абай; менің халқымның көзімен» атты монументалды кескіндемеден дипломды үздік қорғады.
Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесі жылы қарсы алған сол жаққа оқытушылық жұмысқа кетті.
-
1995
-
1996
-
1997
-
2000
2000 жылы «Ұлы әйелдер» картинасы жазылды.
Ұлы әйелдер, 2000 2000 жылы «Ата жұрт» туындысы жазылды.
Ата жұрт, 2000 -
2001
2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тапсырысы бойынша гобелендер жасалды: эскиздерін Әли Бақтыгереев жасады, гобеленде М. Дүйсенбаев пен Р. Байболатова орындады.
-
2002
-
2006
-
2007
2007 жылдардан бастап шығармашылық жұмыстарының ізденістерін бастады.
-
2008
-
2010
2010 жылы көлденеңінен кең жайылған үлкен «Көш» композициясы жасалды.
Көш, 2010 -
2012
2012 жылы алдыңғы жоспары өте бай, одан да көп фигуралы «Мұрагер» композициясы пайда болды.
Мұрагер, 2012 -
2013
-
2014
2014 жылы Әли Бақтыгереев адам болмысының мәнін феномендік тұрғыдан зерттеуге арналған сурет жазды. «Тіршілік» деп аталатын бұл туынды адам табиғатының құпиясына үңіліп, маргинал өмірдің призмасынан әлемді түсінуге бағытталған терең ізденісінің нәтижесі деуге болады.
Тіршілік, 2014 Өнер ортасына өзінің ерекше шығармашылық қабілетін мойындата отырып, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағына мүше болып қабылданды.
-
2015
2015 жылы мәдениетке қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі» төсбелгісімен марапатталды, Әли Бақтыгереев еліміздегі жетекші суретшілердің бірі ретінде өз репутациясын нығайтты.
Осы шығармашылық ізденісі барысында Әли Бақтыгереев 2015 жылы «Сарын» деп аталатын картинасын жазды. Бұл жұмыс оның өнер практикасындағы маңызды кезеңге айналып, оны туранромантизм мектебінің өкілі ретінде бекітті.
Сарын, 2015 -
2016
-
2017
2017жылы жасалған «Сары үн». 80x100. Көлемдегі «Жаназа» картинасымен үндес.
Сары Үн, 2017 Әлидің бұл диптихы үздік жұмыстар қатарына кіреді.
Диптих «Ауылда», 2017 -
2018
Кейініректе сомдалған графикалық портреттері; «Абай», «Құлағу», «Қонаев» тағы басқа картон, көмір техникасында орындалған жұмыстары соның айғағы.
-
2019
2019 жылы 150x250.к,мб. көлемінде орындалған «Жаназа» шығармасы үлкен философиядан туған ой.
Жаназа, 2019 2019 жылы TURAN-QASAQ суретшілер консолидациясы құрылды. Алғаш Қ.Шүкірбеков, А.Губашов, Р.Базарбаева, Қ. Отарбай, Ә.Бақтыгереев, Б.Құсайнов, Е.Даубаев, Ә.Жақыпбек, С.Тайнов, Ә.Ибатбеков және өзім бас болып біріктік.
Жиі көрме ұйымдастырып, өз өнерін кеңінен насихаттауға ұмтылмаған Әли Бақтыгереев 2019 жылы шәкірттерінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде топтық көрме өткізді. «ALAU» деп аталатын бұл көрме Бақтыгереевтің алғашқы жеке экспозициясы болды десек те артық болмас.
«Alau» көрмесі — sxodim.comӘли Бақтыгереев «Тұран» халықаралық өнер сыйлығымен марапатталды, бұл оның атақты шебер ретінде статусын тағы да бекітті.
-
2020
-
2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысы табыс етілді.
-
2023
«Бақыт» триптихі — суретшінің соңғы, аяқталмай қалған жұмысы.
Триптих «Бақыт», 2023 Тұран азаматтарын таңқалдырғаны телефонның whatsapp желісінде қоштасып жазған хаты: «Тұрандық тектілерім, жақсыларым, баршаңызға рахмет! Ғұмырлы болыңыздар.»
Соңғы түскен фотосы: Әли, Қылышбай, Серік.
Әли кемел шағында қайтты.