Әли Бақтыгереев

Тіршілік

Жыл
2014
Материал
Кенеп, май бояу
Өлшемі
90×130 см
Жанр
Кескіндеме, Тарихи пейзаждар

«Толғаныс» жұмысы картинамен салынған мемуар тәрізді терең жұмыс.

Әдемі жанрлық шығармаларында композицияның шынайылығы таң қалдырады. Жұмыстың идеялық композициялық идеясы көбінесе еркін эскиз сипатына ие. Көп фигуралы шынайы аяқталған композицияда идея айқын. Суретші композициямен процесті айқын және мәнерлі бейнемен басқарған. Кескіндердің барлық өміршеңдігі мен толықтығы көрініс тапқан.

Суреттің мазмұнын визуалды қабылдауда, жалпы әсерден, ең бастысы бөлшектерді игеруге дейін-жеке тұлғаларды жинақтауға және салыстыру нәтижесінде-гармоникалық тұтастыққа жеткен. Оның басты тақырыбы адам мен табиғат, өнерге деген сүйіспеншілік және оның жолында барлық қиындыққа төзу өмір желісі және адамдардың арманы мен үміті, балалық шақтың балғын сәттері, жер бетіндегі тіршілік сұлулықтары, оның бүлінушілікке түскен аянышты сәттері, өмір үшін болатын жекпе-жек күрес, уақыт пен мәңгілік арасындағы тартыс, өмір мен өлім және тағы басқа көріністер бейнеленген. Ортада сурет салып отырған автопортреті. Ауылдың атқыма құдығынан ішіп жатқан балалық шақ та кірген. Студенттік кездегі натурщик те кіргізілген. Қиын қыстау кездегі көшеде сауда жасап отырған екі ана бейнесі де бәрімізге таныс көріністер. Әр суретші – өзінше бір әлем. Бұл картина Әлидің жүріп өткен жолдарының бір ностальгиялық түйіні тәрізді. Ақтарыла сыр ашқан, өткен өмір жолдарының жарасымы мен қайшылығын зерделеген беймаза іңкәрліктен туған шығарма.

— Жанарбек Берістен, «Әли Бақтыгереев. Халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты»

2014 жылы Әли Бақтыгерей адам болмысының мәнін феномендік тұрғыдан зерттеуге арналған сурет жазды. «Тіршілік» деп аталатын бұл туынды адам табиғатының құпиясына үңіліп, маргинал өмірдің призмасынан әлемді түсінуге бағытталған терең ізденісінің нәтижесі деуге болады.

— Жұмыстар альбомы және суретші туралы мақалалар, «Әли Бақтыгереев. Кескіндеме»